Таным • 22 Қыркүйек, 2020

Маман денсаулыққа зиян таңғы ас түрлерін атады

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Диетолог Инна Кононенко денсаулығына зиян келтіретін және семіздікке ұрындыратын таңғы ас түрлерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Маман денсаулыққа зиян таңғы ас түрлерін атады

Біріншіден, маман тез дайындалатын ботқаны таңертеңгі рационнан шығаруды ұсынды. Өйткені мұндай ас қандағы қантты күрт арттырады және инсулиннің тез шығарылуына әсер етеді. 

"Нәтижесінде асқазанда ботқа жоқ, қанда да глюкоза жоқ, адам қайтадан тамақтанғысы келеді", деп түсіндірді диетолог.

1

Сондай-ақ, дәрігер "зиянды таңғы ас" тізіміне сүт немесе шырын құйылған гранола мен жарма, сэндвичтер мен джем тосттарын да қосты. 

Сонымен қатар, Кононенко жаңа сығылған шырындар мен тәттілердің пайдасы туралы аңызды жоққа шығарды. Оның айтуынша, олардың құрамында қарапайым қант көп. Бұл жағдайда ағзада фруктозаның мөлшері шамадан тыс көбеюі бақытсыз жағдайға алып келуі мүмкін екенін де ескертті. 

2

"Бір жағынан, бұл глюкоза, екінші жағынан фруктоза. Барлық фруктоза бауырға тез енеді, онда ол бауыр майына айналады. Сол себептен адам ағзасында артық май пайда болып, салмақ жинаймыз", деп түйіндеді ол.