Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020

Ауруханаға емделуге келген әйел науқастың смартфонын ұрлап кеткен

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда ауруханаларының бірінде емделіп жатқан пациент палатада бірге жатқан өзге әйелдің ұялы телефонын ұрлап ұсталып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауруханаға емделуге келген әйел науқастың смартфонын ұрлап кеткен

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті ұрлықты ауруханадан шығар күні жасаған. Қолды болған Samsung A5 смартфонының нарықтағы құны 80 мың теңге дейді жәбірленуші. Полицейлер оған телефонын қайтарып берді.

"Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан барынша мұқият болуды сұраймыз, өйткені ұрлық – ең жиі жасалатын қылмыс болып есептеледі", делінген аталған хабарламада.