Қазақстан балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал әзірге оларды ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.
"Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек. Сонымен қатар, олар баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын есте ұстаған жөн", деді Юлия Овечкина.
Сондай-ақ педиатр-дәрігер Мария Головенко да бейнероликке түсініктеме берді. Оның айтуынша, шикі ет жеу баланың денсаулығы үшін өте қауіпті.
Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желіде бір жас шамасындағы баланың шикі ет тістелеп отырған видеосы қызу талқыға түсіп еді.