05 Қараша, 2013

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне төраға тағайындалды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-11-13-veterinaria-1

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып Рүстем Құрманов тағайындалды. Ол бұған дейін министрліктің инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған. Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында туған.

2003 жылы «АӨК салаларындағы экономист-менеджер» мамандығы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін үздік бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылдың мамыр айынан мемлекеттік қызметте бас маман лауазымынан бастады.

2009 - 2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті азық-түлік нарығы басқармасының бастығы болды.

Серік Құлымбай.

 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55