Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020

Құс тұмауы құтырып тұр

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстың алты ауданында үй құстарының жаппай қы­рылуы тіркеліп отыр. Соның ішін­де Жар­қайың ауданында лабо­ра­то­риялық зерттеулер нәти­же­сінде қанаттылардың қырылуы құс тұмауына байланысты екені анықталып отыр.

Құс тұмауы құтырып тұр

Облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Болат Әбді­рах­мановтың мәліметіне қарағанда, бүгінге дейін 500-ге жуық құс өлген. Бұл есепке енгені ғана, орман-тоғайдағы, кісі көзінен жырақтағы құс өлімі оқиға­ларының қаншалықты екендігін дөп басып ешкім айта алмас.

Астрахан, Атбасар, Зеренді, Егінді­көл, Бұланды, Жарқайың аудандарында осындай оқиғалар тіркелуде. Жарқайың ауда­нының Шойындыкөл елді мекенінде індеттің себебі лабораториялық зерттеулер арқылы сарапталып, құс тұмауы екендігі белгілі болып отыр. Ауданның бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы ауылдық округ әкімінің атына карантин енгізу туралы ұйғарым жолдапты. Әкімнің шешімі шығарылып, әділет органында тіркеуден өтуде. Тіркелген соң карантин жарияланбақ. Ауру жұқтырған құстарды жинап, республикалық эпизо­отикаға қарсы отрядтың мамандары өртейді. Карантин жарияланған аудандарда тұмау белгісі бар құс біткен толығымен жойылады. Жою барысында құстардың жасы, түрі көрсетілген хаттамалар толтырылады. Бұл құжат келген шығынды заңды түрде өтеуге негіз болмақ. Ал сау құстарға вакцина егіліп, мамандардың бақылауына алынбақ. Карантин аймағы арнайы блок-бекеттермен қоршалып, сақтандыру шаралары жүргізіледі.

Мамандардың айтуына қарағанда, құс тұмауы жыл құстарынан жұққан. Сақтық шаралары үшін құс фабрикаларының маңайында жабайы құс қонатын бұта, тал болмауы қажет екен.

– Алты ауданда 7 құс фабрикасы бар, – дейді инспекция басшысы Манат Әбдірахманов, – үй құстарымен қоса есеп­тегенде облыста 7,2 млн құс бар. Қазір құс тұмауының алдын алу үшін вак­цина қолдануда. Бурабай, Аршалы, Целиноград аудандарындағы 4 құс фаб­рикасы ресейлік вакциналарды сатып алып, 1,8 млн құсқа егілді.  Өзге аудандарда да осындай жұмыстар жүргізілуде.

 

Ақмола облысы

 

Соңғы жаңалықтар