Технология • 23 Қыркүйек, 2020

Індетті Google trends хабарлайды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар коронавирус инфекциясы таралмай жатып-ақ індет ошағына айналуы мүмкін жерді Google арқылы анықтауға болады деген пікірде. Бұл туралы зерттеу нәтижелері Massachusets General Hospital-дың ресми сайтында жарияланды.

Індетті Google trends хабарлайды

Бүгінгі таңда адамдар өзін алаңдатқан кез келген сауалдың жауабын интернеттен іздеуді әдетке айнал­дыр­ғаны белгілі. Ин­фек­­ция­ның ошағын алдын ала анықтауға да сол әдеті көмектеседі. Ай­та­лық, Google-дің іздеу жүйесінде ең көп сұрау салынған сөздерді зерттей келе ғалымдар «дәм сезу қабілетінің тө­мендеуі», «тәбеттің азаюы», «іш ауыру» деген сынды тіркестердің ко­ро­на­вир­ус­пен байланысты екен­дігін анық­таған.

АҚШ-тың Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Мас­сачу­сетс және Иллинойс штат­тарында Covid-19 вирусы қатты тарал­ғаны белгілі. Осы 5 шатта пандемия етек алардан 2-3 апта бұрын жоғарыда аталған тір­кес­терді интернет­тен іздеушілердің қа­та­ры көп болыпты.

– Біз жинаған және саралаған деректерге сүйенсек, адамдардың өз ағзасына қатысты сауалдары  Covid-19 виру­сы­ның таралу қаупінен хабар береді. Яғни Google trends пандемияға қа­тыс­ты болжам жасайтын бағалы құралдың рөлін атқара алады, – делінген сайтта.

Жалпы, Google пан­де­­мияға қарсы әлем­дік кү­реске ма­ңы­з­ды үлес қо­­сып жат­қа­нын айта кету керек. Ай­та­лық, ол Apple-мен бірлесіп коро­навирус жұқтырған адамдарды тез табуға, олардың кім­мен бай­ла­нысқа түс­кенін анық­тауға көмек­те­сетін технология жасап шығар­ды.

­Коронавирус тура­лы жалған ақпарат тара­тушылардың жолын кесуге де Google корпора­циясы белсене атсалыс­­ты. Індетті емдеуге кө­мек­­теседі деген жалған препараттардың жарнамасына да тыйым салды. 

 

Соңғы жаңалықтар