Медицина • 23 Қыркүйек, 2020

Таразда күрделі операция жасалды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында алғаш рет қолтық асты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай операция жасалды.

Таразда күрделі операция жасалды

Бұл операцияны аурухана хирургтері жо­ға­ры деңгейде жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін мұндай күрделі ота­лар тек Алматы қа­ла­сындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Нұр-Сұлтан қа­ла­сындағы Ұлттық ғы­лыми онкологиялық ор­та­лы­ғында ғана жаса­ла­­тын. Енді мұндай мүм­кін­дік Тараз қала­сын­да да туып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Талас ауданы, Қаратау қаласының 46 жастағы тұрғыны диспансерлік есепте «Оң жақ сүт безінің кар­­циномасы, 2-саты» кли­­никалық диагнозымен тіркелген. Науқас адъю­­­вантты емес хи­мия­лық терапияның төрт курсынан өтіп, ісік­те­рі­нің регрессиясы 50 па­йызға дейін жеткен. Сондықтан оған жедел түр­де ота жасау туралы шешім қабылданған. Нәти­жесінде білікті де тәжірибелі дәрігерлер Қайрат Төлешев пен Жандос Сейдахметов интраоперациялық экс­пре­сс-цитологиялық зерт­теуді қолдана отырып, дерттің ошағын алып тастаған. Дәрігерлер бұл операцияның өз нәти­же­сін береді деп күтуде.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы бас­пасөз қызметінің же­тек­­шісі Толқын Өмір­бае­ваның берген мәлі­ме­тін­ше, мұн­дай отаның басты ерек­­­шелігі – сүт безін сақ­­тау­ға және қатерлі ісіктің қайталануын бол­дыр­мауға бағытталған. Бұрын онкологиялық ауру­ларға хирургиялық ара­ласудың басқа тәсілі қолданылатын болған. Бұл әдістің тиімділігі – қосымша аурудың алдын-алуға да септігін ти­гі­зе­тін­дігінде болып отыр. Облыстық көпбейінді ауру­хана дәрігерлерінің ізде­нісі мен үйлесімді әрі табысты жұмысында цитологиялық зертхана қызметкерлері Татьяна Сим мен радиология бөлімінің меңгерушісі Роза Бегімбаеваның зерт­теу­лері аса маңызды рөл атқар­ған.

 

Жамбыл облысы