Әлем • 23 Қыркүйек, 2020

Алтын арзандайды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтын троя унциясы үшін $1910-ға дейін күрт арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz LS порталына сілтеме жасап.

Алтын арзандайды

Comex биржасындағы ақпаратқа сәйкес, қымбат металл 21 қыркүйекте троя унциясы үшін 1910,6 долларға сатылды. Өткен аптаның соңында (18 Қыркүйек) сауда-саттық 1962 долларға жабылды. Сонымен қатар LBMA-да 21 қыркүйекте алтынның құны 1909,3 долларды құрады.

Шетелдік мамандар пікірі бойынша, баға белгілеулер доллардың күшеюі мен Федералды резервтік жүйе өкілдерінің мәлімдемесін күту аясында құлдырауда. Инвесторлар реттеушінің инфляцияға деген жаңа көзқарасына қатысты түсініктерді естуге үміттенеді.