Синоптиктердің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін күтілуде. Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр болады.
Батыс Қазақстан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін, түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр.
Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны - секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 28 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, кей жерлерде - секундына 28 метр болады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.