Әлем • 23 Қыркүйек, 2020

Tesla-ның бюджеттік шығарылымы қашан шығатыны белгілі болды

7 рет көрсетілді

Tesla үш жылдан кейін құны 25 мың доллар болатын пилотсыз электромобильдер шығарады. Бұл туралы Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Tesla-ның ең арзан  автомобилі Model 3 седанының құны 37 990 доллардан басталады. Ал ең қымбат Model X көлігі 79 990 долларға және одан да жоғары бағаға бағаланып отыр.

Илон Масктің айтуынша, электромобильді жаңа аккумулятормен жабдықтағанда көлік бағасы төмендейді. Жаңа аккумулятор қазіргі аналогтардан әлдеқайда мықты әрі екі есе арзан болмақ.

Қазіргі батарея блоктары сыйымдылығына байланысты 10 000-нан 12 000 долларға дейін тұрады. Батарея бағасы қаншалықты арзан болса, автомобиль сатылымы соншалық жақсы жүреді. Сол себепті Tesla болашақ батареялардың құнын 6000 долларға және одан да арзан бағаға дейін төмендетуге тырысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта ішінде Илон Масктың байлығы 13 миллиард долларға дейін көбейді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар