Коронавирус • 23 Қыркүйек, 2020

ШҚО-дағы кезекші сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде кезекші сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов растап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-дағы кезекші сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды

Б.Қожахметовтың айтуынша, ауру жұқтырған екінші сыныптың оқушысы. 

"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгина кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирустың жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні баланың температурасы 37 градус болды, бойынан вирустың барлық белгілері байқалды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", деді Кожахметов.

Оның айтуынша, қазір бала үйде емделуде, жағдайы қанағаттанарлық.

"Ол оқитын сыныпта барлығы 12 бала бар. Олардың барлығы, соның ішінде мұғалімдер мен байланысы болған адамдар да тексеріледі", деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық бірінші тоқсанды қашықтықтан өткізуді ұсынған еді. Соған қарамастан, ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары, сондай-ақ шағын комплексті мектеп оқушылары сабақты жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024