Саясат • 23 Қыркүйек, 2020

Загребте Хорватия-Қазақстан достық қоғамының мәжілісі өтті

9 рет көрсетілді

Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 28 жылдығы қарсаңында Загребте Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым, білім және мәдениет өкілдерінің қатысуымен Достық қоғамының жыл сайынғы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті, бұған Хорватия елшілігінің Нұр-Сұлтанда ашылуы, ведомствоаралық байланыстың артуы және сыртқы сауда айналымының өсуі дәлел болды. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өзара сауда көлемі екі есеге өсіп, 300 миллион доллардан асты.  

Дипломат кездесуге қатысушыларды Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған реформаларды жүргізуге жүйелі көзқараспен баса отырып, Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Әлемдік күйзелістер дәуірінде Қазақстан дамуының басты басымдығы әлеуметтік әл-ауқат пен адами капиталды дамыту болып қала беретіндігі баса айтылды.

Хорватия Саборының депутаты, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Даворко Видович Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалап, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттілікті құрудағы, Қазақстан экономикасының озық моделі мен көпұлтты қоғам құрудағы орасан зор үлесін атап өтті. ХР социал-демократиялық партиясының мүшесі Д.Видович ҚР басшылығының әлеуметтік саланы, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту бойынша қабылдаған шараларын құптады.

1

Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделін құрудағы табысты тәжірибесін атап өтті. Мемлекетаралық қатынастарды дамытудағы қоғамдық дипломатияның маңызды рөлі атап көрсетілді. Ол Қоғам қызметі алдағы уақытта да екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады деп сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Достық қоғамында Загребте Абай мен Әл-Фараби мұралары туралы кітаптардың тұсаукесерін өткізу, сонымен қатар 2020 жылдың шілдесінде сайланған Хорватия Саборының жаңа құрылымында парламентаралық достық тобын бірлескен күш-жігермен құруын жеделдету бойынша туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Бастама баяндылығымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 13:56

Қарағандыдағы базар өртенді

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Көкшетау ұлы Абайды ұлықтады

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Оңалту қызметіне қосылған үлес

Руханият • Бүгін, 08:24

Ұқсас жаңалықтар