Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020

Алматыда жалғыз жүрген қыздарды тонап келген ер адам ұсталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында 26 жастағы А есімді азамат кешке жалғыз жүрген қыздардың ізіне түсіп, орайы келгенде өміріне қауіп төніп тұрғанын ескертіп, олардың бағалы заттары мен зергерлік бұйымдарын тартып алып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жалғыз жүрген қыздарды тонап келген ер адам ұсталды

"Ол кеш батқанын күтіп, өзінен әлсіз құрбанды іздеген. Мәселен, жұмыстан қайтып келе жатқан бейтаныс қызды сырттай "шығарып салып", үйдің кіреберісіне жақындағанда қуып жетіп, арам пиғылын жүзеге асырып отырған. Ол құрбанын қорқытып, кез келген құнды дүниесін: сырға, ұялы телефон, сағат, ақша беруін талап еткен. Кейде сөмкесін алып қашатын болған", дейді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция оны қолға түсіргенде күдіктінің қолында жасыл сабы бар ас үй пышағы болған. Сондай-ақ күдіктінің бұрын да осыған ұқсас қылмысты бірнеше рет жасағаны үшін сотталғанын анықтаған.