Апталық аясында қазақстандықтар корей мәдени орталығының сайтынан корей фильмдерін тегін тамашалай алады.
Алғашқы фильм ретінде 23-27 қыркүйек күндері көрермен назарына "ПОЕЗД В ПУСАН" триллері орысша субтитрмен ұсынылады. 2016 жылы жарық көрген екі сағаттық фильмде жұмбақ вирустың өршуінен қашқан тұрғындардың Пусан қаласына сапары баяндалады.
Сонымен бірге 30 қыркүйек пен 4 қазан күндері аталған сайтта "ДЕФОЛТ" драмасы көрсетіледі. Мұнда 1997 жылғы Оңтүстік Корея үкіметінің қалай дағдарысқа ұшырағаны көрсетіледі.