«Esalyq mobile» мобильді қосымшасы өте қарапайым және қолдануға ыңғайлы, ең бастысы көптеген пайдалы және қажетті мүмкіндіктерге ие, мысалы: жеке тұлға және дара кәсіпкердің салықтарын төлеу; артық төлемді басқару; бірыңғай жиынтық төлемді төлеу; жеке тұлға және дара кәсіпкердің алдағы төлемдерін қарау; салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті қарау; электрондық кезекті онлайн броньдау; мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді қарау; салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзетуге және өзектендіруге жеке тұлғаның электрондық өтінімін беру мүмкіндігі; салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтерді қарау.
Мобильді қосымша App Store және Play Market алаңдарында қолжетімді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.