Футбол • 24 Қыркүйек, 2020

Мбаппеге көз тігіп отыр

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықтың бірнеше белді коман­дасының бас бапкерлері Фран­ция футболының шоқ жұлдызы Килиан Мбаппені өз қатарынан көргісі келе­тіндерін айтады.

Мбаппеге көз тігіп отыр

Солардың арасында Зинедин Зидан тізгінін ұстаған Мадридтің «Реалы» мен Юрген Клопп жетекшілік ететін Англияның «Ливерпуль» клубтары ерекше белсенділік танытуда. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Өйткені 21 жастағы Килиан ПСЖ клубы мен Франция ұлттық құрамасы сапындағы жұлдызды ойыншы ғана емес. Ол – әлемдік деңгейде мойындалған футболшы. Жастайынан жасындай жарқыраған Мбаппенің трансферлік құны 2018 жылы бақандай 216,5 миллион еуроға бағаланды. Сол жылы айтулы шабуыл­шы Ресейде өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалаумен қатар, дүбірлі доп додасының ең үздік жас ойыншысына тиесілі арнайы сыйлықты да иеленді. Оның басқа да толып жатқан атақтары тағы бар.