Қан тапсыру – қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Осындай «Донор бол, өмірге үміт сыйла» атты қайырымды шараға Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есептегі азаматтар өз еркімен қатысып, қан тапсырды.
Қызметкерлер аудандық ауруханаға таң сәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор бола алды.
– Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс, қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, пробация есебіндегі азаматтар да донор ретінде қан тапсырып жатыр, – деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.
Қызылорда облысы