Әлем • 24 Қыркүйек, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 32 млн-ға жуықтады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйекте Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 31 779 533, өлім саны - 975 100, айыққандар саны - 21 890 409 адам болды, - деп жазады Egemen.kz.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 32 млн-ға жуықтады

Университеттің мәліметінше, 24 тамыз күні таңертең әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 31 779 533-ке жетті, оның ішінде 975 100 адам қайтыс болған. Ал 21 890 409 адам ауруды жеңіп шыққан.

АҚШ-та 6 933 248 жағдай тіркелді, 2 231 757 адам сауығып шықты, 201 880 адам қайтыс болды.

Бразилияда 4 591 364 жағдай тіркелді, 4 046 827 адам сауығып шықты, 138 105 адам қайтыс болды.

Үндістанда 5 646 010 жағдай тіркелді, 4 587 613 адам сауығып шықты, 90 020 адам қайтыс болды.

Ресейде  1 117 487 жағдай тіркелді, 920 602 адам сауығып шықты, 19 720 адам қайтыс болды.

Қазақстанда жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107 529102 323 адам айықты. 1 699 адам қайтыс болды.