Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Алматыда есірткі дайындайтын ірі зертхана жабылды

23 рет көрсетілді

Алматыда синтетикалық есірткі өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды.Тінту кезінде 80 литрлік төрт бөшке, 100 гр "Мефедрон" тәркіленді.

"Белгілі болғандай, есірткіні 1976 жылы туған К. есімді азаматтың құрған тобы дайындап келген. Біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойдық. Заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертхана ашуға арналған материалдар алынды. Тінту жүргізгенде ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр, екі полиэтилен орама, магнит араластырғыш тәркіленді", дейді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химия сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ақ ұнтақ заттың "Мефедрон" екені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар

Тыңғылықты дайындық бар

Қоғам • Бүгін, 08:26

Тұтынушыларға тікелей сата алады

Экономика • Бүгін, 08:17

Аймақта діни ахуал тұрақты

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Сүйем сені, беу өмір!..

Руханият • Бүгін, 07:25

Құдықсай ауылы көмір тасып алды

Аймақтар • Бүгін, 07:24

Көпбалалы ананың кір сабыны

Экономика • Бүгін, 07:23

Махаббат сағызы

Руханият • Бүгін, 06:58

Алғаш рет әуеге көтерілді

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Өз еліңдей ел болмас

Руханият • Бүгін, 06:50

Ұқсас жаңалықтар