Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Павлодарда 82 жастағы зағип зейнеткер майдан кезінен тоқыма тоқиды

121 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бала кезінде тоғыз жасында қатты науқастанғаннан кейін қос жанары мүлдем көрмей қалған. Десе де,  қария  әлі күнге дейін салауатты өмір салтын ұстанады, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда 82 жастағы зағип зейнеткер майдан кезінен тоқыма тоқиды

"Тағдырдың жазуымен балалық шағымнан көру қабілетімнен айырылдым. Бірақ та еш  мойымаймын.  Зерігіп отыруға уақыт  болмайды. Үнемі бір  шаруамен айналысамын. Ілмекпен, тоқыма бізбен  қолғап, байпақ тоқимын. Көбінесе сыйға тартамын. Соғыс кезінде үлкен әпкелерім,  анам, көршілерім майданға  қолғап пен шұлық тоқитын. Ол кезде жасым төртте болатын.  Сол кезден-ақ тоқуға қызығушылық болды. Жоқшылық кезі еді. Арнайы ілмек болмайтын. Талдың шиін сындырып алып, сонымен тоқуға тырысатынмын. Сосын бірде ағам сымнан  тоқыма біз  жасап берді.  Бірінші рет қурышаққа тоқығаным есімде. Қисық-қисық болып шықты. Бірақ сонда да қоймайтынмын. Әпкелерім де көмектесіп, дұрыстап отыратын", дейді ол.


IMG_9200.JPG

Зоя Перфилева Тереңкөл ауданының Львовка ауылында дүниеге келген. 23 жасында Павлодарға зағиптар қоғамына  жұмысқа тұрып, кешкі мектепте  білім алған. 

"3-сыныпты ауыл мектебін бітірген соң 4-сыныпты үйден оқыдым. Балалық шағымда көп ауыратын едім.  Жанарымның көрмей қалуына қызылша ауруы да әсер етті.  Тұрмыс құрып, екі бала сүйдім. Жолдасыммен 36 жыл тату-тәтті өмір сүрдік. Үйді өзім жинап, тағам дайындаймын.  Отбасымыз үлкен. Барлығы келіп тұрады. Балалардың өз отбасылары бар", дейді  қала тұрғыны.


IMG_9206.JPG

Бүгінде шөбере сүйіп отырған зейнеткердің үлкен  немересі 30 жаста. Қызы 53-те болса, ұлы 51-де. 

IMG_9196.JPG

"Тоқымаға қажетті жіптердің түсін Брайль жүйесі арқылы таңдап аламын. Аптасына екі рет зағиптарға арналған кітапханаға барамын. Ол жерде компьютерді меңгердім. Сауықтыру және оңалту орталығына барып тұрамын. Түрлі жаттығулар жасаймын. Сондай-ақ гүл өсірумен айналысамын. Еңсемді түсірмеймін. Әр күнді бос отырмай, пайдалы өткізуге тырысамын", дейді Зоя Перфилева.