"Мәселен, наурыз-қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, алдын ала тексеру, тергеу және сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың жүрген жерін анықтау мақсатында ТМД елдерінің аумағында "Іздестіру" бірлескен іс-шарасы өткізілді. Шара кезінде іздеуде жүрген 3 қылмыскердің Өзбекстан Республикасында, ал Ресей Федерациясы, Украина және Молдова Республикаларының аумағында бір-бір қылмыскердің бой тасалағаны анықталды. Сонымен қатар Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлескен шарада іздеудегі 7 қылмыскердің Атырау облысының аумағында жүргені белгілі болды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ атыраулық полицейлер хабар-ошарсыз кетуіне орай іздеу жарияланған 29 адамның 26-ның мекенжайын анықтады. Олар отбасына оралды.