Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Алматыда әзірге концерт, спектакльдер қойылмайды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №56 қаулысына және одан кейін енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Шектеу шараларын біртіндеп жеңілдету туралы" барлық мәдени нысандарының (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда әзірге концерт, спектакльдер қойылмайды

Қазірге мәдениет нысандарында 30 адамнан аспайтын жеке, топтық жаттығуларға, кітапханалар мен мұражайлардың қызметіне рұқсат берілді. Яғни, театрлар, мәдени нысан болғандықтан, жаттығуларға рұқсат етіледі, бірақ ресми премьералар мен көрермендер қатысатын қойылымдарға  рұқсат етілмейді.

Осыған орай, қаладағы коронавирустық инфекциясының эпидемиялық жағдайы төмендеді, бірақ, тұрақты емес. Бұл шара ауру көрсеткіштерін ескере отырып және жүргізіліп жатқан профилактикалық, эпидемияға қарсы шараларды одан әрі бақылауда, жаңа инфекциялық жағдайлардың тіркелуіне жол бермеу мақсатында енгізілді. Көрермендердің театрлар мен кинотеатрларда, жабық кеңістікте 1 сағат немесе одан да көп уақыт болмауы да ескерілді.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы, барлық жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілер үшін ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан міндетті болып табылады.  

Қосымша, аумақтық (қаланың, облыстың) Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері эпидемиялық жағдайға байланысты шектеулерді енгізу немесе алып тастау туралы шешімдерді өз бетінше қабылдауға құқылы.