Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

"Қазақстан алюминийі" АҚ-та сүзгілер орнатылды

340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы "Қазақстан алюминийі" АҚ арнайы экологиялық жоба  барысында № 1-ші  пешінде екі электрсүзгі қайта жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазақстан алюминийі" АҚ-та сүзгілер орнатылды

Кәсіпорынның байланыс және ақпарат  бөлімінің мәліметінше, жаңа жоба өнеркәсіптік қалдықтардан тазартудың ең заманауи жүйесімен жабдықталған қондырғылар орнатқан.

Жоба  2018 жылы  №1 пешті газдан тазарту жүйесін жобалауға келісімшарт жасалған уақытта басталды. Кәсіпорын экологтарының пікірінше,  жоба ауаға шығатын қалдықтарды 2376 тоннаға жылына біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Компания өкілдері атап өткендей, бұл жобаға айтарлықтай инвестиция құйылды – алғашқы екі электр сүзгісін сатып алуға және жаңғырту жұмыстарына 11 миллион АҚШ доллары бағытталған.

Жобаны орындаушы нарықта  жақыс танылған –ThyssenКrupp неміс компаниясы. Компания мамандары барлық есептеулерді жүргізіп, жаңа электр сүзгілерінің негізгі элементтерін жасады. Сонымен қатар ескілерін бөлшектеуге тікелей қатысты.Жаңа "гибридті " сүзгілер бұрынғы сүзгілерді алмастырды.  Пеш екінші сүзгімен 50 пайыздық жүктемемен жұмыс істеп жатқанда, біріншісін ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілді. Бұл пешті тоқтатпай қатар атқаруға мүмкіндік берді, осылайша оның тоқтап тұруын төмендетіп, қалпына келтіру жұмыстарына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі электр сүзгілерінің басты айырмашылығы – олар"гибридті". Яғни, компрессорлық және сорғы стансалары қосымша орнатылған тұтас кешен, шаң камерасы газ тазарту қорабымен және суық ауа ағыны жүйесімен жабдықталған. Бүкіл әлемде бұл "гибридті" технология өнеркәсіптік газ шығарындыларын шаңнан тазарту тұрғысында озық  технология саналады. Сондықтан  электр сүзгілерін ауыстыруды ең алдымен маңызды табиғатты қорғау шарасы ретінде  маңызды.