Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлық полицияға шағым түсірген. Ол белгісіз адам оның атынан 2,5 миллион теңгеге кредит алғанын айтқан. Тұрғын несие алғанын тек кредит ұйымдары хабарласып, ақшаны талап еткенде ғана біліпті.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ол кінәсін мойындаған. Күдікті - жәбірленушінің ең жақын досы", дейді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсимов.

Оның айтуынша, былтыр күдікті досынан жалақы алу үшін банк картасын ашып беруді сұрапты. Досы оған көмектесуге келіскен. Кейін күдікті жақын досының жеке мәліметтерін пайдаланып, оның атынан 14 кредит рәсімдеген. Ол алған ақшаны букмекерлік компанияға ұтысқа қойып, ұтылып қалған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінге тергеу басталды.