Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Екібастұзда қоғамдық көліктерде қазақ тілін үйренуге арналған қағаздар ілінді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сондай-ақ ұлы тұлғалардың айтқан сөздері де ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда қоғамдық көліктерде қазақ тілін үйренуге арналған қағаздар ілінді

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Ел мұраты" акциясы аясында қоғамдық көліктерде ұлы Абайдың "Қара сөздері", Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Әбу Насыр Әл-Фараби және өзге де тұлғалардың дана ойлары бар плакаттар ілген.

Оған қоса, Павлодар облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасын қолдап, мемлекеттік тілді үйрететін плакаттарды да қоса орналастырған.

"Автобустарда әрдайым адамдар көп. Менің ойымша, орын дұрыс таңдалған. Адам алғашында, мүмкін, сөздерді жай ғана оқиды, екінші рет – санасына құяды, ал үшінші рет – жаттап та алады. Сөйтіп, әрі қарай отбасымен, жолдастарымен сөздік қорын молайтады", дейді плакаттарды жабыстыруға белсенді атсалысқан "Атамұра" мәдениет орталығының директоры Нұрсұлу Төлеубаева.

Айта кетейік, 4 күннің ішінде қаланың 50-ден астам қоғамдық көлігіне 200-ге жуық плакат ілінді.