Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Алексей Цой Ұлттық нейрохирургия орталығына барды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ұлттық нейрохирургия орталығын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой Ұлттық нейрохирургия орталығына барды

Министр іссапар барысында орталық жұмысының нәтижесімен танысты. Он екі жыл ішінде нейрохирургия дәрігерлері 32 мыңнан астам операция жасап, 70-ке жуық жаңа нейрохирургиялық технология енгізіп, соның арқасында  жағдайы өте ауыр науқастарды, соның ішінде балаларды аяққа тұрғызды.

Денсаулық сақтау министрі орталықтағы диагностикалық және клиникалық бөлімшелердің жұмысымен танысып, жас мамандармен бейресми кездесу өткізді. Бұдан басқа, Министр симуляторларда оқыту курстарын өткізу үшін құрылған тренингтік орталықты аралап шықты және ми глиомаларын зерттейтін ғылыми жоба аясында  құрылған орталық жанындағы биобанктің жұмысын көрді.

Алексей Цой трансфузиология бөлімінде де болды. Осы бөлімшенің мамандары өздерінің негізгі жұмысынан басқа, қан үнемдеу технологиялары: аутоэритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы, гемостазды интегралды бағалау – тромбоэластография сияқты бірегей эксперименттер жүргізуде.

Госпитальдық фармация бөлімшесінде мамандар емдеудің тиімділігін арттыратын және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік берген жаңа технологияның нәтижесі туралы баяндады.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі радиология бөліміне де барып, онда ангиографиялық операциялық бөлменің жұмысымен және гамма-пышақ жұмыс істейтін жеке блок құрылысының барысымен танысты.

Сапар соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой орталықтың жұмысын жоғары бағалап, ұжымның еңбегіне  табыс тіледі.