Технология • 25 Қыркүйек, 2020

Кәсіпорындардың тиімділігі артады

293 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«QazIndustry» индустрия және экспорт орталығы Фраунгофер IPA өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп отандық кәсіпорындарды Индустрия 4.0 тақырыбында оқытуды бастады.

Кәсіпорындардың тиімділігі артады

Бұл шара еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарына Индустрия 4.0 негізгі технологиялары мен тақырыптары бо­йынша білім трансферін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

– Бүгінгі таңда Индустрия 4.0 – құ­был­малы жағдайларға бейімде­лудің пәрменді тәсілі және бәсекелес­тік күресте аман қалу құралы. Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министр­лігі кәсіпорындардың цифрлық жаң­ғыруға қатысты бастамаларын бел­сенді қолдайды. Былтыр «QazIndustry» орта­лығымен бірлесіп 102 өңірлік өнеркә­сіптік кәсіпорынға өндірісте Индустрия 4.0 элементтерін енгізу стратегиясының әдістемесін жасады. Осы саясатты жалғастыра отырып, біз биыл Фраунгофер атындағы өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтының неміс серіктестерімен бірге вебинарлар сериясын өткізудеміз, – деп атап өтті министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.

«QazIndustry» индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия 4.0 орта­лығының директоры Таңгүл Әбдіраза­қованың айтуынша, цифрландыру та­қырыбы бойынша ауқымды оқытуға кә­сіпорындар ғана емес, даму институт­тарының, IT-компанияларының, мемле­кеттік органдардың, түрлі ЖОО мен ҒЗИ өкілдері де қатысуда.

– Оқыту бағдарламасы 4 модульден тұрады, оның ішінде цифрлы өндірісті және киберфизикалық жүйелерді бақы­лау, деректер негізінде өндірісті оңтай­ландыру, смарт-қызмет көрсету қам­тылды. Әрбір модуль интерактивті се­­ми­­нарлар форматында өтеді, онда са­­рап­­­шылар экономиканың түрлі сектор­­­лар­­ындағы табысты кейстер тура­лы әң­гі-
мелейді. Мысалы, бүгін қаты­су­шылар процестерді цифрландыру, қыз­мет­кер­лердің біліктілігін арттыру, кайдзен және Lean технологияларын енгізу бойынша практикалық кейстермен және модельдермен танысты, – деді ол.

Семинарда Фраунгофер IPA атындағы машина жасау және автоматтандыру институтының ғылыми қызметкері және жоба жетекшісі Бумин Хатибоглу цифр­ландыру өмірдің барлық аспектілерін қалай өзгертетінін айтып берді.

– Технологиялар мен білім базасының көмегімен әр процесті модельдеуге және оның нәтижесін алдын-ала болжауға болады. Мысалы, Индустрия 4.0-дің әлеуеті зор, кәсіпорындар өз тиімділігін даму деңгейіне байланысты 30-50%-ға дейін арттыра алады. Атап айтқанда, пайдалану шығындарын 30%-ға, сапа шығындарын – 20%-ға дейін, ақауларды жою шығындарын – 70%-ға, өндіріс пен логистика шығындарын 20%-ға дейін төмендетуге болады, – деп атап өтті ол.

Индустрия 4.0 бойынша вебинар­лар 5 қарашаға дейін жалғасады, оған қатысушылар өздерін алаңдатқан сауал­дардың жауабын іздейді, онлайн режімде неміс сарапшыларымен өзекті мәселелерді талқылайды.

Айта кетейік, «QazIndustry» индус­трия және экспорт орталығы» АҚ 2017 жыл­дан бастап өнеркәсіптік кәсіп­орын­­дарды цифрландыру жұмысын жүр­гі­зуде. Фраунгофер IPA көмегімен кәсіп­­орындар базасында қанатқақты модель­дік цифрлы фабрикалар құрылды. Осы­лайша 7 кәсіпорын 13 млрд теңгеден ас­там инвестицияға 51 жобаны іске асырады. Инвестицияның 600 млн теңгесі мемле­кеттік қолдау қаражатын құрайды. Енгі­зілген жобалардың нәтижесінде кәсіп­орындар еңбек өнімділігін 25%-ға, ре­сурс тиімділігін 18%-ға арттыруға, жаб­дықтың қызмет ету мерзімін 5%-ға ұзар­туға, өндірістік шығындарды 20%-ға, еңбек шығындарын 30%-ға және энергия шығындарын 35%-ға азайтуға қол жеткізді.