Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) Алик Әшіров қол қойды. Келісім СТГ-ні дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда қолдану, сынақтарды өткізу және СТГ-ні жеткізу орындарын айқындау бойынша жүйелерді енгізу жоспарын әзірлеу мен іске асыруға бағытталған шаралар кешендерін қамтиды. Келісімді іске асыру шеңберінде ақпаратпен, ұсыныстармен, идеялармен және пікірлермен өзара алмасу үшін жұмыс тобы құрылды.
Б.Котырев «ҚТГ» ҰК» АҚ әркез жұмыста озық технологияларды қолдана отырып уақыт талабынан қалмауға тырысады әрі тек қана сенімді серіктестермен ынтымақтасатындығын айтты. Сұйытылған газ, бұл үнемді, ең бастысы экологиялық отын және оны тепловоздарда қолдану тек қана оң нәтижелер көрсетуі тиіс.
«ҚазТрансГаз» АҚ елдің көлік секторын жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда екендігін ескеру қажет. Алматы, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалалары әкімдіктерімен муниципальдық техниканы және әлеуметтік автобустық парктерді экологиялық отынға ауыстыру туралы келісімдер жасалып қойды. Бұдан бөлек, елдің негізгі автомагистральдарында автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансалары, криогендік автомобильдік жанар-жағар май стансаларының желілерін кеңейту жобаларына, аз тонналы зауыттарда СТГ-ні өндіру бойынша инновациялық жобаларға бастама жасалды және іске асырылуда.