Бас хатшы коронавирус инфекциясы анықталғандар мен өлім статистикасын келтірді - миллионға жуық адам қайтыс болды және 30 миллион адам вирус жұқтырды. Гуттериштің пікірінше, әлем адамзаттың ынтымақтастықтан бас тартуына байланысты мұның алдын ала алмады.
"Пандемия - халықаралық ынтымақтастық үшін сынақ болды және біз сәтсіздікке ұшырадық. (...) Бірақ бұл бізді іс-әрекетке итермелейтін ескерту де болды", деді Гуттериш. Ол әлемді бірігуге шақырды.