Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады

Бүгінде қала әкімдігі халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан шыққан азаматтарды газбен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізіп жатыр. Жеңілдікпен несиелендіру немесе тегін негізде жүзеге асырмақ.

"Биыл біз 28 отбасыға тегін газ жүргіздік. Газбен жабдықтаумен тағы 46 үйді қамтуды жоспарлап отырмыз. Жалпы бүгінгі күні Наурызбай ауданында 310-ға жуық газдандырылмаған үй бар", деді Бағлан Дәндібаев.

Газдандырылмаған үйлердің басым бөлігі маусымдық үйлер болатынын және саяжай ретінде пайдаланылатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша Halyk Bank-пен бірлесіп, тұрғын үйлерді газдандыруды жеңілдікпен несие беру бойынша жаңа бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама − Алматы қаласының тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беруге мүмкіндік береді. Жоба халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары санатының тұрғындары үшін және өз тұрғын үйін газдандырғысы келетін қалған алматылықтар үшін кең қамтуға арналған.