Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2020

Ақылы жолдан түскен қаржы сол жолдың өзіне жұмсалады

17 рет көрсетілді

"QazAvtoJol" ҰҚ" АҚ ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жол жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде су тасқынына байланысты жұмыстарға, су өткізгіштерді тазарту жұмыстарына кетеді. Жаз мезгілінде жол белгілерін қолдану, ауыстыру, қоқыстарды жинау, демалыс орындарын тазарту және басқа жұмыстарға пайдаланылады", деді "QazAvtoJol" ҰҚ" АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасының тікелей эфирінде бірнеше сұраққа жауап берген ол, баламалы жолдар туралы да айта кетті.

"Жолдар туралы" заңның 5-бабына сәйкес, кез келген қолданыстағы баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен ақылы жолдың басталу және аяқталу нүктелері көрсетілуі керек. Осылайша, Заңда баламалы жол болмаған жағдайда, ақылы негізде жолды пайдалануға шектеулер қарастырылмаған. Алайда, қолданыстағы төрт ақылы учаскеде баламалы жолдар бар", деді Марат Сүлейменов.

 

Соңғы жаңалықтар

Бастама баяндылығымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 13:56

Қарағандыдағы базар өртенді

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Көкшетау ұлы Абайды ұлықтады

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Оңалту қызметіне қосылған үлес

Руханият • Бүгін, 08:24

«Өмір» мен «Шипаның» шарапаты

Аймақтар • Бүгін, 07:59

Ұқсас жаңалықтар