Дәріні Biomed компаниясы коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасаған. Қазір олар препаратты клиникалық сынақтан өткізу үшін төрт орталыққа жіберді: Люблин, Бытом, Белосток және Варшаваға.
Препарат өндірісі 18 тамызда басталғаны атап өтілді.
"COVID-19-ды жазылып шыққан адамның қан плазмасымен емдеу әдісін ДДҰ және Польша Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады", - деді препараттың тұсаукесеріне қатысқан Польша парламентінің сенаторы, дәрігер Гжегож Челей.
Бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы 11 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатқаны хабарланған болатын.