Елорда • 25 Қыркүйек, 2020

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дезинфекциялық жұмыстарға байланысты жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

"Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарға байланысты. Дүйсенбіден бастап, 28 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады. Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.