Үкімет, "Атамекен" ҰКП тарапынан да кәсіпкерлерді қолдау бойынша көптеген шаралар қолға алынды. Мысалы, салық салу саласында бірқатар жеңілдік жасалды.
Шағын және орта бизнес маусым айына дейін салықтан босатылды, ал жалақы төлемінен салық төлеу бойынша қиындықтар көріп отырған кәсіпкерлерге төлем жасау мерзімі бұрын 1 қазанға дейін белгіленсе, енді мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін ұзартылды. Бұдан басқа, мәжбүрлі демалысқа кеткен кәсіпкерлерге 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді.
Банктерден несие алған кәсіпкерлердің 40 пайыздан астамы несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болды. Несие төлеуден босату мерзімі бұрын 1 қазанға дейін болса, қазір жыл соңына дейін ұзартылды.