Саясат • 27 Қыркүйек, 2020

Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ҚР СІМ мәлімдемесі

"Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз.

Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", делінген хабарламада.