Технология • 28 Қыркүйек, 2020

Ана тілімізді цифрлы әлемге еркін енгізеді

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев Университетінің ғалымдары қазақ тілін автоматты түрде тану технологиясын әзірледі.

Ана тілімізді цифрлы әлемге еркін енгізеді

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) қа­­­зақ сөзін автоматты түрде та­ну жобасын іске қос­ты. Оның кө­мегімен қазақ тілін жаһандық цифр­лы әлемге бел­сенді енгізуге болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін ғалымдар қазақ тіліндегі ең үл­кен дауыстық деректер жиын­ты­ғын – 2 мыңнан астам адам­ның 300 сағаттық жазбасын жинады. Бұл зерттемені қолдану қазақ тілін виртуалды көмекшілер арқы­лы тану, түрлі бағдарламаларда және «ақылды үй» технология­ла­рында қолдану секілді жаңа мүм­кіндіктер туғызады.

Сонымен қатар бұл жоба Қа­зақ­станда инклюзияның дамуына үлкен серпін береді. Жаңа технологияны ерекше қажеттіліктері бар адамдар кеңінен қолданатын дауыстық және мәтіндік бағдар­ламаларда пайдалануға болады.

«Бұрын үлкен деректер жиын­тығының жеткілікті болмауы қа­зақ тілін цифрлы әлемде шек­тей­тін. Сондықтан біз осы жобаны жүзеге асырдық. Енді экономика мен қоғамның дамуына пайдалы болсын деген ниетпен қазақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығын ашық бастап­­қы кодымен бірге барлық зерттеу­ші­лер және кәсіпкерлермен бөлі­су­ге дайынбыз», деді ISSAI NU ди­ректоры, профессор Атакан Варол.

Жобаның іске қосылуы Назар­баев Университетінің Ақыл­ды жүйелер мен жасанды интел­лект институтының құрылғанына бір жыл толуына орайластырыл­ды. Биыл 14 қыркүйекте ISSAI өзі­нің алғашқы туған күнін атап өтті.

Осы сілтеме арқылы issai.nu.edu.kz/kz-speech-corpus/ қа­зақ тіліндегі дауыстық деректер жиынтығына қол жеткізуге, сон­дай-ақ қазақ тілін автоматты түрде тану жүйесін тексеруге бо­лады.