Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Шардара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас береді

668 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Журналистерге арналған пресс-тур барысында су қоймасында сейсмикалық тұрақтылықты нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының учаске басшысы Ғалым Мырзабаев суқойманың толық жөндеуден өткеннен кейін 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретінін мәлімдеді.

Шардара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас береді

Оның айтуынша, 1967 жылы «Шар­дара» су қоймасы ең көп дегенде 6 бал­дық жер сілкінісіне төтеп беретіндей қуаттылықпен салынған. Алайда Эко­логия, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің Су ресурстары ко­митетіне қарасты «Қазсушар» РМК сақ­тық шараларын күшейту үшін құм­нан көтерілген қабырғаларды қа­лың­датып, жер асты суларының дең­гейін төмендету үшін «Шардара» су қой­масын қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алған.

«1 млн 100 мың текше метр құм төселеді. Осылайша нысан қабырға­сы­ның артқы жағын толығымен ны­ғайтатын боламыз. Жер сілкінісі бола қалса, су астындағы тектоникалық плиталар ойнауы мүмкін. Сонда судың бетінде алып толқындар пайда болады. Бұл жұмыстардың барлығы соның алдын алу шарасы. Арнайы бұрғыланған тесіктердің санын көбейтіп жатырмыз. Бұл жер асты суларының деңгейін төмендетеді, – дейді Ғ.Мырзабаев.

Ал Қапшағай су қоймасының «Шар­дара» су қоймасы өндірістік бө­лім­шесінің басшысы Абай Мүтә­лиев­­тің сөзінше, 2019 жылы су ныса­ны­ның қабырғаларын нығайтуға респуб­ли­калық бюджеттен 7 млрд 733 млн тең­­ге қаражат бөлінген. Осылайша 56 жыл бұрын салынған су қоймасын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Су қой­масының құрылысы 2021 жылдың аяғында толығымен аяқталады деп жос­парланып отыр. Қазіргі таңда жаңғырту жұм­ыстарының шамамен 33 пайызы аяқталып, құрылыс жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Осы уақытқа дейін «Шардара» су қойма­сындағы ұңғымалардың саны 183 бола­тын. Қазір бұл 600-ге көбейтілді.

Айта кетейік, «Шардара» су қойма­сы­­ның жалпы сыйымдылығы – 5 млрд 200 млн текше метр. Қазір су нысанында 792 млн текше метр су бар. Осының нәтижесінде Шардара ауданы мен Қызылорда облысының біраз бөлігінде  вегитациялық кезең сәтті өткен. Жиын-терін науқаны кезінде Шардара ауданы мен Қызылорда облысына 7 млрд текше метр су берілген.

Алдағы уақытта «Шардара» су қой­­­масына цифрлы технологияларды ен­­гі­зуді де жос­парлап отыр. Құрылыс жұ­­­мыстары аяқ­талғаннан кейін су бө­­­лу және оны есеп­теу жұмыстары толы­ғымен авто­мат­­тандырылмақ. 

«Бұл жердің барлығына электронды есептеуіш құралдары қойылады. Бөгеттен шығып жатқан судың барлығы компьютер арқылы есептеліп отырады. Оны біздің мамандар бақылайды. Ал бұ­рын гидротехниктер платинаның бар­лығын аралап, судың деңгейін қолмен өлшейтін», деді «Шардара» су қоймасы өндірістік бө­лімшесінің басшысы Абай Мүтәлиев.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40