Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020

Борышкер әкенің бостандығы шектелді

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын жүзеге асыруға кірісті.

Борышкер әкенің бостандығы шектелді

2020 жылдың 20 тамызында Қарағанды облысы кәме­летке толмағандар істері жө­нін­­дегі мамандан­дырылған аудан­аралық  со­тының  үкімімен борышкер А.Ахметов (фамилия­сы өз­гертілген) Қылмыстық кодек­стің 139-бабына сәй­кес кінәлі деп танылған.

Үкім бойынша бо­рыш­­­кердің 1 жылға бос­тан­дығы шектеліп, та­ғайындалған барлық мер­­­­зім­ге пробациялық ба­қы­­­лау қойылып,  жаза мерзімі бойынша 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тар­тылған. Аталған үкім 2020 жыл­дың 4 қыркүйегінде күшіне енді.

Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 2 811 364 теңгені құра­ған. Сотталушы  борышкер  бір­неше жыл бойы кәме­летке толмаған балаларын асырау үшін алимент бо­йынша  өз міндеттерін орын­дамаған.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Алматыда жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 09:40