07 Қараша, 2013

Жаңа жобалар қуатына шыға бастады

280 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

АктобеРентген2 2Өңір экономикасының дамуына серпін беретін жаңа­дан ашылған кәсіп­орындардың жобалық қуа­тына шығуы басты назарда ұс­талуда.

Бұл туралы облыстық кәсіпкер­лік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген кездесуде кеңінен әңгімеледі. Оның айтуынша, облыс бойынша жалпы сомасы 517,2 миллиард теңге тұратын 74 инвестициялық жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген. Бұл жобалар жүзеге асқанда 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2011-2012 жылдары 188,3 миллиард теңге болатын 64 жоба пайдалануға беріліп, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылған. Биыл индус­трияландыру картасы аясында 118,2 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуы тиіс, бір мың жаңа жұмыс орны ашылуы қажет болатын. Бүгінгі күнге дейін 1,5 миллиард теңгенің 6 нысаны іске қосылып, 240 адам еңбекке тартылды. Олардың арасында «Стройдеталь» ЖШС-нің қуыс плиталар шығаратын өндірістік кешені мен «Қазхром» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты аса маңызды да ірі кәсіпорындар болып табылады.

 

Өңір экономикасының дамуына серпін беретін жаңа­дан ашылған кәсіп­орындардың жобалық қуа­тына шығуы басты назарда ұс­талуда.

 

АктобеРентген2 2

01-Актобе индуст-инновац багдарлама-1

Бұл туралы облыстық кәсіпкер­лік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген кездесуде кеңінен әңгімеледі. Оның айтуынша, облыс бойынша жалпы сомасы 517,2 миллиард теңге тұратын 74 инвестициялық жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген. Бұл жобалар жүзеге асқанда 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2011-2012 жылдары 188,3 миллиард теңге болатын 64 жоба пайдалануға беріліп, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылған. Биыл индус­трияландыру картасы аясында 118,2 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуы тиіс, бір мың жаңа жұмыс орны ашылуы қажет болатын. Бүгінгі күнге дейін 1,5 миллиард теңгенің 6 нысаны іске қосылып, 240 адам еңбекке тартылды. Олардың арасында «Стройдеталь» ЖШС-нің қуыс плиталар шығаратын өндірістік кешені мен «Қазхром» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты аса маңызды да ірі кәсіпорындар болып табылады.

«СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ №3 Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегі іске қосылғанда көгілдір отын тек біздің облыстың аудандарына ғана емес, Қазақстанның оңтүстігін де газбен қамтамасыз ететін болады. Газ турбиналық стансаның қуаты 160 МВт-қа дейін артады, бұл облыс экономикасын өз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысанды 2014 жылы іске қосу көзделген.

«Қазақстан теміржолы» АҚ қолдауымен салынып жатқан рельс зауытының болашағы зор. Алдағы уақытта электрлі болат балқыту зауыты және алғашқыда қуаты 40 МВт болатын, кейін 150 МВт-қа дейін кеңейтілетін газ турбина электр стансасын салу жоспарлануда. Бұл жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 115 миллиард теңгені құрайды.

– ҮИИДБ-ның екінші бесжыл­дық жоспары жасалуда. Онда елі­міздің әр өңірінің 2020 жылға де­йін­гі экономикалық мамандануы қарастырылатын болады. Біз­дің облыстың перспективалық ба­ғыттары – мұнай мен газ, темір кен­дерін өндіру мен өңдеу, метал­лур­гия және химия өнеркәсібі, сон­дай-ақ, құрылыс индустриясы болып табылады, – дейді Марат Балмұханов.

– Оның мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай өнеркәсіптік өндіріс­тің жалпы көлемі 1,7 триллион теңгеге жетеді. Ал, өңдеу өнер­кә­сібінің көлемі 300 миллиард теңге болады, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 600 миллиард теңгені құрайды.

Қазір Қазақстанның индустрия­ландыру картасы шеңберінде іске қосылған нысандардың ара­сы­нан 42 кәсіпорын толық қуа­ты­на шықса, 6 жоба 70 пайыз ша­ма­сын­да жұмыс істеп тұр. Ал, 19 кә­сіпорын өндірістік қуатының 30 па­йызын ғана пайдалануда көрінеді.

– Олардың барлығына ортақ кемшілік, өнімдерін өткізу ры­ногының болмауы дер едім. Өкі­нішке қарай, Индустрия және жаңа технология министрлігінің бұл талаптарын жобалардың бас­тамашылары түбегейлі ойлас­тырмағаны аңғарылады, – деді ол.

Басқарма басшысы объективті себептермен кенжелеу қалған ны­сандарды мысалға келтірді. «Анди» ЖШС сүт фермасын іске қосу кезінде мал дәрігерлік қыз­мет таңдалған елден ірі қара әке­луге рұқсат бермеген. Қазір бәрі қал­пына келген, үстіміздегі жылғы қара­ша айында бұл серіктестіктің сүті­нің дәмін ақтөбеліктер тататын болады.

Ал, «Ақтөберентген» АҚ жағ­дайының күрделілігі өзгеше сипатта болып отыр. Денсаулық сақ­тау министрлігі осы кәсіпорын шы­ғаратын отандық рентген аппа­рат­тарын сатып алуға келісім­шарты болғанымен, оларды шетелдерден сатып ала бастады. Жағдай облыстық әкімдіктің бақылауында. Денсаулық сақтау министрлігінде өзекті мәселені оң шешудің жолдары қарастырылуда.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар