Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Еліміздің үздік онкологтары Шымкент тұрғындарын қабылдады

59 рет көрсетілді

Шымкент қаласында 26 қыркүйек күні қалалық онкологиялық орталықта "Ашық есік" күні өтті. Онда еліміздің үздік онколог дәрігерлері қала тұрғындарын қабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қатерлі ісікті ерте сатысында  анықтау мақсатында өткен шараға Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми зертеу институтының - директоры, м.ғ.д. Диляра Қайдарова, химиотерапевт Оксана Шатковская, маммология орталығының меңгерушісі, м.ғ.д. Алия Абдрахманова, гинекология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ерлан Кукубасов секілді білікті мамандар қатысты. 

Орталыққа дәрігерлер қабылдауына 100-ге тарта науқас келген. Тексеру кезінде қатерлі  ісікке  күмәнді деген алты азамат анықталды. Тағы 60 тексерілушіде қатерлі емес ісік табылса,  33 науқаста қатерлі ісік алды созылмалы аурулары бар екені белгілі болды. 

Анықталған қатерлі ісікке күмәнді және қатерлі емес ісікті науқастар қалалық онкологиялық орталықта ем алатын болады. Ал, созылмалы қатерлі ісік алды аурулары байқалған науқастарға кеңес беріліп, жергілікті учаскелік терапевтеріне ем алуға жіберілді.

Медицина қызметкерлері әр азаматтың өз денсаулығына жауапкершілік қарауы маңызы зор екенін айтуда. Әсіресе, осындай шараларға қатысып, уақтылы тексеруден өтіп тұрған жөн. 

Жалпы профилактикалық, скринингтік тексерулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда және 65 жастан асқан азаматтардың денсаулығы бақылауға алынған. Бұл — мақсатты индикаторларды жақсартып, қатерлі ісіктердің алдын алуға және өлім санын азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ақ халаттылар осы мақсатта аянбай еңбек етуде.

 

 
Соңғы жаңалықтар

Заңсыз аң аулау тиылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 17:22

Бастама баяндылығымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 13:56

Ұқсас жаңалықтар