![Елбасы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты](/media/2020/09/28/elbasy.jpg)
Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған. Әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтиды. Терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салынған халықаралық әуежай құрылысын "YDA Group" компаниясы жүргізген. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.
Түркістандағы жаңа әуежайдың орны өткен жылдың күзінде анықталған болатын. Ең оңтайлы жер ретінде Шаға ауылындағы учаске таңдалды. Әуежай терминалының жолаушыларды өткізу мүмкіндігі - сағатына 450 жолаушы, аумағы 10,5 мың шаршы метр, ал ұшу-қону жолағының параметрі 3300х45 метрді құрайды.
Түркістан облысы