Экология • 28 Қыркүйек, 2020

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан 10 тонна қоқыс жиналды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғат жанашырлары мен қоғам белсенділері апта сайын Жайық өзенінің жағасын қоқыс тазартып келеді. Өткен сенбіде олардың қатарына  "Каспий құбыр консоциумы-Қазақстан" мен "ҚазТрансОйл" компанияларының мұнай тасымалдаушылары қосылып, өзен жағасынан 10 тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан 10 тонна қоқыс жиналды

"Атырау – біздің қаламыз. Сол себептен, қаламыздың тазалығына өз үлесімізді қосу үшін "Таза қала үшін" акциясына қолдау білдіріп, Жайық өзенінің  жағалауын қоқыс пен пластик құтылардан тазарттық" дейді "Каспий құбыр консоциумы-Қазақстан" компаниясының өңірлік менеджері Мұхит Маженов.

Ал желілік бөлікке техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер Алтай Батырғалидың айтуынша, жағалауды тазалауға екі компанияның өкілдері отбасыларымен бірге келген. Олар жиналған қоқыстан пластик пен шыныны, қағазды бөлек жинады.

"Қоршаған ортаға жанашырлық танытуға ұжымдық қолдау көрсету – корпоративтік рух, ал, табиғатты қорғау – ұрпағымызға, балаларымызға үлгі. Мұндай акцияға бірнеше рет қатысып, балаларымды өзіміз тұратын аумақты тазалауға үйретіп келемін", дейді желілік бөлікке техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер Алтай Батырғали.

Мұнай-газ құбырын пайдалану жөніндегі менеджер Евгений Кустадинчев жарты  сағатта  үш қапты тұрмыстық қалдықтармен толтырыпты.

"Шыны мен пластик ешқашан ыдырамайтынын ұғынуымыз керек. Бұл қоқыс суға түсіп кетсе, оның соңы не боларын елестетудің өзі қорқынышты. Өмірлік нәріміздің – ауыз су. Біз оны Жайық өзенінен алып отырмыз. Сол себептен, өзеннің тазалығына ұқыпты қарап,  оны ластанудан қорғау –басты парызымыз", дейді ол.