Санжар Әбдікәрімұлы 1990 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын және «Тұран - Астана» университетінің магистратурасын бітірген. Мамандығы бойынша құқық, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік шебері және құқық магистрі.
Еңбек жолын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің заңгері болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде маман, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электронды үкімет» нормативті-құқықтық базаны жетілдіру басқармасының сарапшысы, Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік құқық бөлімінің жетекші маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Протоколының сарапшысы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2019 жылдың қарашасынан – Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары.