Экономика • 29 Қыркүйек, 2020

Темір жол саласының техникалық регламенттері

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министр­лігі Экономикалық интеграция депар­­таментінің сарапшылары қазақ­­стандық делегация құрамында Еура­­зиялық экономикалық комис­сия алаңында «Темір жол жылжыма­лы құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Темір жол көлігі инфра­құ­ры­­лы­мының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регла­мент­теріне өзгерістер жобалары бойын­ша келіспеушіліктерді талқылау жө­нін­дегі кеңеске қатысты.

Темір жол саласының техникалық регламенттері

Осы техрегламенттер Еуразия­лық экономикалық одақ елдерін­дегі темір жол көлігінің және оның инф­рақұрылымының, оның ішін­де локо­мотивтердің, жолаушылар және жүк вагондарының, темір жол плат­формалары мен стансаларының қауіпсіздігі мәселелерін реттейді.

Құжатты әзірлеу 4 жылдан ас­там уақыт бойы жүргізіліп келеді. Өз­ге­рістер жобасында сәйкестікті растауға жататын жылжымалы құ­рам­ның құрамдас бөліктерінің тізбе­леріне, ұғымдық аппаратқа өзге­рістер енгізу көзделеді, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен рәсімдері нақтыланады.

Құжат қоғамдық талқылаудан, мем­лекетішілік келісу рәсімдерінен өтті және жоғары дайындық дең­гейінде.

Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында жылжымалы құрамды және (немесе) оның құрамдас бөліктерін кедергісіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 3 мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.

Бұл түзетулер вагондарды жа­ңар­­ту кезінде даулы мәселелерді ше­шуге, кейіннен вагондардың қыз­мет ету мерзімін ұзартуға, қосалқы бөл­шектерді әкелуге, сәйкестікті баға­лаудан өтуге мүмкіндік береді. Мы­салы, күрделі жөндеуден өткен вагон­дардың Ресей Федерациясына кіру мүмкіндігі бөлігінде.

Қазақстан, армян, беларусь және қырғыз тараптары жоғарыда атал­ған ұсыныстарды келісті, ал Ресей Федерациясы қарсы.

Осыған байланысты, тарап­тар­дың өзара тиімді шешімдерді іздеу бо­йынша консультациялары жалғасуда.