Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020

650 мыңнан астам АӘК беріледі

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 130 мың от­ба­сыдағы 650 мыңнан астам қазақстандыққа IV тоқ­санда атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады.

650 мыңнан астам АӘК беріледі

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі­нің тиісті бұйрығы осы жыл­дың 25 қыркүйегінде қа­был­данды және ресми жария­ланған күннен бастап күшіне енеді.

Бұл шара ауылдық әкім­діктерде және жұмыспен қамту орталық­тарында адам­дардың жаппай жина­луының алдын алады, осылайша аза­маттардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Бірінші рет жүгінген кезде жұмыспен қамту орта­лық­тарының қызмет­керлері мем­лекеттік органдардың ақ­­параттық базаларында қа­жетті деректерді тек­сере­ді. Соны­мен бірге учас­­­келік ко­мис­сиялар АӘК таға­йын­дауға өтініш беру­шілерге мес­сенд­­жер­лер арқылы сауал­­­да­­ма жүр­гізе­ді, барып тек­серіс өт­кіз­­бей­­ді. АӘК өтінімдерін жа­­ңар­­ту кезін­­де кірістердің бел­­гілі бір түрлері ескеріл­мейді.

Бұған дейін АӘК алу­шы­ларына төтенше жағдай мен шектеу шаралары­ның себебінен II және III тоқ­сандарда көмек тағайындау ұзартылған болатын.

АӘК жан басына шақ­қан­дағы орташа табысы отба­сының әрбір мүшесі үшін аймақтық ең төменгі күн­көріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайын­далатынын еске саламыз.

Қазақстанда аз қамтыл­ған азаматтар қатарында бар­лығы 760 мыңнан астам АӘК алушы бар.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар