Облыс орталығынан жырақтағы құм жиегіндегі ауылыма бір барғанымда Темен досыма кездесіп қалдым. Екі езуі екі құлағына жете қуанып жүр екен. Жайраңдай амандасты. Сөйтсем, оған ауылдастарым бұрынғы бұзылып қалған үйдің орнына асарлатып үлкен үй тұрғызып беріпті.

Темен – тілінің аздаған мүкістігіне қарамастан, былайғы жұртпен шүйіркелесе әңгімелесіп кететін ақжарқын жігіт ағасы. Жасынан еңбекпен ширап өскен азамат. Кезінде қой да баққан. Кеңестік шаруашылықтар тараған тұста да текке қарап отырмай, жеке кәсіпкерлерге жалданып, олардың малын бақты, егінін қорыды.
Соңғы жылдары ауылда жұмыссыздықтың белең алуы оған оңай тимеді. Жасыратыны жоқ, отбасы мен балаларын асырап бағу үшін біреулердің отынын жарып, моншасын жағып, малын бағып беру секілді жұмыстарды атқаруына да тура келді. Теменнің қаладағы қайнаған базарлардың біріне барып, арба сүйреуіне де болар еді. Алайда ауылда да мұндай іс аткөпір. Ол осылай отбасы мен балалары үшін қандай істен болсын тартынбай-ақ, адал еңбегімен азды-көпті нәпақа айырып жүр.
Жұбайы Айжамал екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, өсіріп, қатарға қосты. Үлкен ұлы техникумда оқиды. Бұл отбасы осыған дейін ауылдағы бос тұрған үйлердің бірінен екіншісіне көшіп-қонумен жүріпті. Енді өзінің шаңырағы бар.
– Барлық қиындық артта қалды. Енді өз баспанам бар, бұл үшін ауылдастарыма айтар алғысым шексіз, – дейді Темен.
Жеке тұрғын үйді іргетасынан бастап қалап, қабырғасын да өздері құйған кірпіштен өріп, шатырын жауып, дап-дайын күйінде пайдалануға берген ауылдағы құрылысшы азаматтар екен.
– «Асар» қайырымдылық акциясы ауылдық жерлерде де қанатын кеңге жая бастады. Бұл бастаманы да ойықтықтар бірден іліп алып кетті. Елден жиналған қаражат есебінен Темен Әбденбайұлының отбасы үшін салынған үйдің жалпы аумағы – 9x9 метр, төрт бөлмелі. Ауласы кең, қоршалған шарбағы да бар, – дейді Ойық ауылдық округінің әкімі Медет Үрістенов.
«Баспана – бақыт шамы» ғой қашанда. Ал сәні мен сәулеті келіскен үй ауылдастарының Әбденбаевтар әулетіне шын ниеттерімен ұсынған тамаша тартуы да секілді.
Баймаханбет АХМЕТ,
журналист
Жамбыл облысы,
Талас ауданы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар