07 Қараша, 2013

Мұнайлыдағы жаңа емхана

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-ФотоХалқы көп, оның ішінде жұмыссызы да жетерлік, негізінен оралман ағайындардан құралған Мұнайлы ауданында ашылған әрбір жаңа ғимарат, пайдалануға берілген әрбір әлеуметтік нысан – үлкен жаңалық.

 

01-ФотоХалқы көп, оның ішінде жұмыссызы да жетерлік, негізінен оралман ағайындардан құралған Мұнайлы ауданында ашылған әрбір жаңа ғимарат, пайдалануға берілген әрбір әлеуметтік нысан – үлкен жаңалық.

Жуырда аудан орталығы Маңғыстау ауылында орталық аудандық емхана құрылысы аяқ­та­лып, халық игілігіне ұсынылды.

Бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын емханадан жүкті әйелдерге кеңес беру бөлмесі, балалар бөлімшесі бөлек орналасқан. Аудандық аурухана басшылығының айтуынша, емхана қанның әртүрлі талдамаларын тексеретін көп функциялы аппараттармен, зама­науи қондырғылармен жаб­дықталыпты.

Жыл соңына дейін Мұнайлы ауданында тағы төрт дәрігерлік амбулаторияның тұсауын кесу жоспарланған. Ал аурухананың да құжаттары дайындалып, «Дип­ломмен – ауылға!» бағдар­ламасы аясында 53 медицина қызметкеріне біржолғы жәр­демақы және 7 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие тағайындалған.

Оқушысына мектеп же­тіспей, тұрғындарға жұ­мыс пен емхана жетіспей, оқыр­манға газет-журнал жинақ­талып бір-ақ баратын, облыс орталығына жақын болса да алыс орналасқан аудандағы бұл ауыз толтырып айтып, көңіл бірлейтін жаңалық болды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

––––––––––––––––––

Суретті түсірген:

Серік МАЙЕМЕРОВ.

Соңғы жаңалықтар