Қыркүйектің 24-25-і аралығында Сүлеймен Демирел университетінің ұйымдастыруымен «Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9-шы халықаралық конференциясы» (ICBCB) өз жұмысын бастады.

Конференция озық технологияның тез дамыған жаһандану үдерісінде әртүрлі мәдениеттердің өкілдерінің арасындағы үйлесімді қарым-қатынас және өзара құндылықтарына төзімділік пен құрмет көрсетуді дәріптейді. Іс-шара аясында Гонконг, Қырғызстан, Пәкістан, Португалия, Сауд Арабиясы, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттерінен білім саласының белді сарапшылары білім берудегі жаһандық трендер және құндылықтар бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, заман ағымының салдарынан туындаған өзекті мәселелерді ортаға салады.
Негізгі мақсат – отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнатып, білім саласындағы жаңа сын-қатерлерге оңтайлы шешім табу. СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев онлайн конференцияның ашылуында дүниежүзілік ғалымдар қауымдастығының өкілдері еңбектеріне жеміс тіледі.
– Конференцияның аясында қашықтан білім беруге қатысты, пандемия кезінде білім беру ерекшеліктері бойынша маңызды баяндамалар тыңдалады. Нәтижесінде қазіргі таңда туындап тұрған сын қатерлі жаһандық мәселерге оңтайлы шешімдер табылып, олар тәжірибе жүзінде қолданысқа алынуы мүмкін, – деген болжам білдірді СДУ академиялық істер және ғылыми-зерттеулер жөніндегі проректоры Давронжон Гаипов.
Жалпы, конференцияның бағыты жаһандану дәуірінде жаһандық трендтер және білім берудегі құндылықтар тақырыбы болғандықтан, осы саладағы кәсіби орта өкілдері, ғалымдар, педагог мамандар, зерттеушілер және білім саласындағы индустрия өкілдері де бар. Айта кетсек, қазақстандық «Ұстаз» кәсіби шеберлікті жетілдіру орталығының жетекшісі, Халықаралық Гонконг педагогикалық университетінен қашықтан білім беру немесе ақпараттық коммуникация технологиялар саласының сарапшысы пленарлық баяндамашы ретінде қатысады.
Сарапшылар бірқатар өзекті мәселені қамтуда, оның ішінде: «Білім беру бағдарламалары және педагогика», «Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулер», «Құндылыққа негізделген білім беру», «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Тілдік білім беру», «Білім берудегі көшбасшылық», математика, инженерия, өнер және биыл Қазақстанда аталып жатқан «Әл-Фараби мен Абай мұралары әлемдік руханият кеңістігінде» бағыттары бойынша ойларын ортаға салады.
– Әуел баста конференцияны СДУ кампусында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шара онлайн өткізілуге мәжбүр болды. Осыған байланысты коллоборация мен нетворк жеткіліксіз болуы мүмкін. Бірақ соған қарамастан, 9 мемлекеттің ғалымдары бір платформада өз ой-пікірлерімен бөлісу, талқылау арқылы бір-бірімен танысу және әртүрлі деңгейде ғылыми жобаларға қатысу, ұсыныстар секілді ортақ ынтымақтастықтар жасай алады, – деді Д.Гаипов.
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Төрт жасар баланың өкпесінен 8 сантиметрлік эхинококк құрты алынды
Медицина • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар