Білім • 29 Қыркүйек, 2020

Мектептерде шектеу күшейтілді

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниені дүрліктірген індеттің таралуы тыйылмай тұр. Соңғы күндері өзге өңірлерге қарағанда Шығыс Қазақстан облысынан көп анықталды. Енді міне, COVID-19 белгісі Алтай ауданында кезекші сынып оқушысынан шыққан.

Мектептерде шектеу күшейтілді

Жалпы, облыс аумағында 1 қыркүйектен бастап кезекші сыныптардағы оқушылар ара­сында коронавирус ин­фек­­циясын жұқтырған 4 жағ­­дай тіркелген. Олар – Ше­монаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көк­пекті ауданының 11-сынып оқу­шы­сы және Алтай ауда­нының 2-сынып оқушысы.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқ­тырған оқушылар оқитын білім мекемелері шағын кешенді мектептер болып табылады.

Облыс аумағында екі мек­теп­тің кезекші сыныптары (Шемонаиха, Алтай аудандары) және Көкпекті ауданында бір мектеп 14 күнге карантинге жабылды. Мек­теп­тердегі коронавирус инфек­циясының ошағы деп белгі­лен­ген сыныптарға қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық іс-шара жүр­гі­зілді.

Өткен тәуліктегі ақпа­рат бойынша Қазақстанда жалпы 79 жағдай тір­кел­се, оның 21-і – Шығыс Қазақ­станда. Өзге өңірлермен са­лыс­тырсақ, алдыңғы орында тұр. Ал науқастарға жа­на­шырлық танытқан бір­қа­тар азамат иммундық плаз­ма тапсырған.

 

Шығыс Қазақстан облысы