Коронавирус • 29 Қыркүйек, 2020

Өткен тәулікте пневмониямен 10 адам ауырып, 1 адам көз жұмды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 29 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте пневмониямен 10 адам ауырып, 1 адам көз жұмды

Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

2020 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 10 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 16 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 32 500, өлім жағдайлары - 351, барлығы 27 073 адам сауығып шықты